Қостанайда жаяу жүргіншілер жолына шыққан көлік иесі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияға жол қозғалысы қағидалары бұзылғаны көрінетін бейнежазба және азаматтың өтініші түскен. Кадрда жүргізуші тротуармен жүріп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіргені байқалады.
Полиция қызметкерлері бұл дерек бойынша жедел тексеріс жүргізіп, көлік жүргізушісін анықтаған.
Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылды. Полиция тротуар жаяу жүргіншілерге арналғанын еске салды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова