Қостанайда төтенше жағдай: үйінді астында 7 адам қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі растады.
"11.12.2023 жылы сағат 12:36 - да Қостанайда, Амангелді тұрғын алабында, Энергетиктер көшесі, 1, аумақта бұрын ыстық сумен жабдықтауда жарылыс болып, салдарынан бір қабатты ғимарат толық құлап, үйінділердің астында 7-ге жуық адам қалған", - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!