Қостанайда танымал тіс дәрігері ұшақ апатынан қаза тапқан

Қостанайда танымал тіс дәрігері ұшақ апатынан қаза тапқан
Фото: Instagram.com/dr.salima.stom

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Қаза тапқандардың арасында жас дәрігер, стоматолог Сәлима Жутаева бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 желтоқсанда Embraer ERJ-190 ұшағында болған алты Қазақстан азаматының есімдері ресми түрде жарияланды. Олардың арасында Маңғыстау облысының үш тұрғыны, астаналық әйел мен оның ұлы және Қостанай облысының тумасы Сәлима Жутаева бар.

Сәлима 29 жаста болған. Ол Қостанайда стоматолог болып жұмыс істеген. Сәлима Жутаева трагедиядан үш күн бұрын Instagram парақшасында әзербайжан тілінде "Сен жаңбырдағы күн сияқтысың" деп жазба жариялаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Джутаева Салима (@dr.salima.stom)

Сәлима Жутаеваның парақшасында оның стоматолог екені және саяхаттауды ұнататыны жазылған. Сондай-ақ оның өміріне байланысты Қостанай мен Грозный қалалары аталады. Қыздың парақшасында кәсіби қызметін көрсететін көптеген сурет бар.

Марқұмның оқырмандары оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып жатыр.

 

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Кейінірек Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ жанып жатқан.

Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Ал әлеуметтік желіде оқиға орнынан видеолар тарады.

Кейінірек ТЖМ оқиға орнындағы өрт сөндірілгенін хабарлады. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұшақ апаты болған жерге барды. 

Көлік министрлігі ұшақ бортында болған адамдар жөнінде алдын ала мынадай ақпарат жариялады: бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұшақ апатына қатысты комиссия құрылды. Комиссия құрамына премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.

Көліктегі полиция департаменті төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының алдын ала мәліметі бойынша 4 адам қаза тапқаны расталған.

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалғандардың видеосы тарады.

Ал Azerbaijan Airlines жолаушылардың тізімін жариялады.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің сағат 15.55-тегі мәліметі бойынша аман қалған 29 адам бар, оның ішінде 2-еуі - бала, олар ауруханаға жеткізілді.

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасап, оқиға орнына елдің Бас көлік прокуроры барғанын хабарлады. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ерекше бақылауында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтып, мемлекеттік комиссия тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына көмек көрсететінін мәлімдеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова