• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қостанайда такси жүргізушісі мен досы жолаушыға шабуыл жасаған

Фото: Видео кадры

Қостанайда такси жүргізушісі мен досы жолаушыға шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға түнде қаланың шағынаудандарының бірінде болған. Ойын-сауық мекемесінде демалып жүрген жәбірленуші таксиге қоңырау шалған. Жүргізуші досымен бірге келіп, сапар барысында олардың арасында жанжал туындаған. Нәтижесінде такси жүргізушісі мен оның досы жәбірленушіні ұрып-соғып, смартфонды қолды қылған.

Полиция пікірі

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаскүнемдерді, 19 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстаған. Олар ұрланған телефонды қосалқы бөлшектерге бөліп, 100 мың теңгеге сатып жіберген.

"Тонау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп, олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget