- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда такси жүргізушісі...
Қостанайда такси жүргізушісі ер адамды пышақтап кеткен
Фото:
elements.envato.com
Қостанайда такси жүргізушісі ер адамды пышақтап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.
Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі бүгін Орталық базар аумағынан пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілгенін түсіндірді.
"Бұл факт тіркелді. Тексеру аясында полицейлер зардап шегушіге такси жүргізушісі жарақат салғанын анықтады. Жәбірленуші мен такси жүргізушісі арасында жанжал туындаған", - делінген хабарламада.
Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша соталды тергеу басталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан