- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда су тасқынына...
Қостанайда су тасқынына байланысты жағдай тұрақты - ТЖД
Фото:
Қостанай облысы ТЖД
Қостанай қаласында су тасқынына байланысты жағдай тұрақты. Бұл туралы ТЖД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір ТЖД құтқарушыларының көмегімен барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Су деңгейі бақыланады, тұрғындардың өтініштері болып жатса, олар штабқа жеткізіледі. Жалпы жағдайды бақылау үшін Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" РММ құтқарушылары ауысып кезекпен жұмыс істеп жатыр. Құм салынған қапшықпен кейбір су жағалары бекітіліп жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, бүгін су деңгейі айтарлықтай төмендегені байқалған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова