- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда студент жалған...
Қостанайда студент жалған концертке билет сатқан
Қостанайда студент жалған концерт билеттерін сатумен айналысқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, қостанайлық полицейлер танымал топтың концертіне билет сатумен айналысқан 18 жастағы студентті ұстаған. Жалпы шығын 100 мың теңгеден асқан. 18 жастағы жігіт Instagram әлеуметтік желісінде лақап атпен "Ирина Қайратовна" тобының концертіне билеттер сатылатыны туралы хабарландыру жариялаған. Ол ақша алғаннан кейін байланысқа шықпаған.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында қызметкерлер әлеуметтік желі арқылы алаяқтықпен айналысқан Қостанай тұрғынын ұстады. Ол "Ирина Кайратовна" тобының концертіне билеттер сатамын деген сылтаумен ақшаны бөтен біреудің банк картасы арқылы алып отырған. Ал картаны сауда орталығы маңынан бір жігіттен 30 000 теңгеге сатып алған. Бұл іске қатысты алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу басталды (ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша)", - деп түсіндірді Қостанай облысы ПД Киберқылмыспен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Олжас Мағыпаров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова