Қостанайда әдепсіз әрекет жасаған балабақша тәрбиешісі сот алдында жауап берд, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балабақшадағы екі бүлдіршіннің денсаулығына жеңіл зиян келтірген мұғалім сотталды. Жұмыс орнындағы екі оқиға да бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Екі іс бір өндіріске біріктірілді. Мұғалім өз кінәсін мойындады.
"Әкімшілік жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сот құқық бұзушылықтың бірінші рет жасалғанын ескерді. Әкімшілік жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот қаулысымен К. кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК (92 300 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!