- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда салмағы 7...
Қостанайда салмағы 7 келіге жуық алып сәби дүниеге келді
Облыстық аурухананың перинаталдық орталығы қызметкерлері салмағы 6700 келі және 69 сантиметр қыз дүниеге келгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, акушерлік тәжірибеде салмағы 4-5 кг нәресте алып қатарына кіреді. Ал 6 келі немесе одан да көп салмақты балалар орталықта сирек кездеседі.
Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз қызметі ұсынған сурет
Мамандардың айтуынша, қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.
"Ананың босануы жоспар бойынша, яғни кесарь тілігі арқылы өтті. Жаңа туған нәресте екі күн реанимацияда жатты. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Қызға Айару есімі қойылды, ол - отбасындағы үшінші бала", - деді дәрігерлер.
Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз қызметі ұсынған сурет
Анасы Әйгерім Долдашева перинаталдық орталық дәрігерлеріне алғысын білдіреді. Әулиекөлдегі үйінде Айаруды әкесі, ағасы және әпкесі күтіп отыр.
Балалар бөлімінде нәрестені неонатолог дәрігерлер Ақмарал Ақатай мен Әсет Өтегенов бақылап отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек