WhatsApp мессенджерінде Қостанайда Ресейден келген үш қарулы адам баланың ұялы телефонын тартып алғаны туралы ақпарат тарады. Stopfake.kz мәліметінше, бұл - жалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Қостанай облысының Полиция департаменті жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат - фейк. Облыста жедел және көші-қон жағдайы тұрақты. Аталған факті бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ. Сонымен қатар соңғы күндері көші-қон ағымының артуы аймақтағы криминогендік жағдайға әсер еткен жоқ. Облыстық полиция штаттық режимде жұмыс істеп жатыр" - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!