Қостанайда радикалды діни идеологияны насихаттаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Радикалды діни идеологияны ұстана отырып, ол өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дінді ұстанатын азаматтардың төмендігін насихаттайтын және діни себептермен зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан.
"Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр, ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілі жатыр. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!