Қостанайда полицейлер синтетиканы арнайы жасырушыны ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөмкесінде ақ түсті ұнтақ тәрізді 29 орам болды. Сараптама салмағы 20 грамнан асатын "а-PVP"
синтетикалық препараты екенін көрсетті.
"Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторында. Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр", - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Қостанай облысының ПД жыл басынан бері 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленгенін атап өтті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!