Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге баспана салуға 2,3 миллиард теңге бөлінеді. Демек, әр үйге 25 миллион теңгеден келеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.
Оның есебінше, бұл қаражаттың ішінде инфрақұрылым да бар. Сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп, жол салынатын болады. Сонымен қатар үй салынатын әр учаске 10 сотықтан болады. Үйдің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрамақ.
"Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар министрлігінен бірінші бюджеттік өтінім келді. Осы бюджеттік өтінімге сәйкес 2,3 миллиард теңге Үкімет резервінен бөлінеді. Бұл нысаналы қаражат. Ол үй құрылысына жұмсалады. Бүгінгі есептеулерге сәйкес, бұл қаражат 91 үй салуға бөлініп отыр. Әр үйге шаққанда 25 миллион теңгеден келеді", - дейді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!