2016 жылы Қостанай облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 5,2 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 429 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайты хабарлады.
Жөнделетін ғимараттардың 139 – білім беру, 30 – мәдениет, 1 – денсаулық сақтау және 130 – транспорттық инфрақұрылым, 6 – әлеуметтік қорғау, 18 – спорт, 3 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым, 102 – абаттандыру нысаны.
Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 4877 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 2583 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.
Бүгінгі күні 368 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 2277 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 1307 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.
2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.