Қостанайда мектеп мұғалімі итке таланды

Бос жүрген питбуль итпен серуендеп келе жатқан әйелге тап берді, - деп хабарлайды 24.kz.

Қала тұрғыны үстіндегі қалың қысқы киімнің арқасында аман қалды.

Ал питбуль иесі жапа шеккен кісіге көмек көрсетпей, оқиға орнынан ізім-ғайым жоқ болып кеткен. Аяқ-қолы жарақаттанып, ес-түссіз жатқан әйелді бейқамдық танытпаған екі жігіт травматология бөліміне жеткізді. Қазір әйел тиіс емін қабылдап жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал питбуль қожайынына іздеу жарияланды.

Полиция қызметкерлері бұл дерекке қатысты іс қозғады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!