Қостанайда лицензиясыз пластикалық ота жасаған маман қомақты өтемақы төледі

Қостанайда лицензиясыз пластикалық ота жасаған маман қомақты өтемақы төледі
Фото: depositphotos.com

Қостанай қаласының №2 сотында абайсызда денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан тұтынушылардың денсаулық қауіпсіздігі талаптарына жауап бермейтін қызметтер көрсеткені үшін У. және Г-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сондай-ақ Г-ға қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адамның медициналық қызметпен айналысып, адам денсаулығына абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны үшін айып тағылды (ҚК-нің 322-бабы 1-бөлігі).

Сотта анықталды:

ЖШС басшысы бола тұра сотталушы У. медициналық қызмет көрсетіп, бұл ретте қауіпсіздік талаптарына сай келетін пластикалық хирургия саласында медициналық қызметпен айналысу үшін жоғары медициналық білімі және сертификаты жоқ Г-ның операциялар жүргізуіне рұқсат береді.

Сотталушы Г. материалдық пайда алу мақсатында кәмелетке толмаған жәбірленуші Ж-ға, сондай-ақ жәбірленуші Л-ға абайсызда денсаулығына орташа зиян келтіріп, пластикалық операция жасады.

Тараптардың ұстанымы:

Сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы У-ды ҚК-нің 306-бабы 1-бөлігі бойынша және Г-ны ҚК-нің 306-бабы 1-бөлігі, 322-бөлігі 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, ескіру мерзімдерінің өтуіне байланысты оларды қылмыстық жауаптылықтан одан әрі босатуды сұрады.
Сотта сотталушылар У. және Г. кінәні мойындамады және оларды ақтауды сұрады.
Жәбірленушілер жазаны соттың қарауына қалдырып, ал азаматтық талап-арыздарды толық көлемде қанағаттандыру сұралды.

Пластикалық хирургия саласындағы сарапшыны тарта отырып, сарапшылар жүргізген қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптамасы жәбірленуші М-ның денсаулығына зиян келтірмеді деген қорытынды жасады.

Жәбірленуші М-ның денсаулығына зиян келтіру түріндегі У. және Г. әрекеттерінен қоғамдық қауіпті зардаптардың басталуына міндетті объективті белгінің болмауы - жалпы ҚК-нің 306-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына әкеп соғады, соның салдарынан У. мен Г-ны ақтауға жатады.

Сонымен қатар сотталушы Г-ның ҚК-нің 322-бабы 1-бөлігінің эпизодтары бойынша кінәсі толық көлемде дәлелденді.

Сот У. және Г-ны ҚК-нің 306-бабы 1-бөлігі бойынша кінәсіз деп танылды және олардың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмағаны үшін ақтады.

Ал ҚК-нің 322-бабы 1-бөлігі бойынша сотталушы Г. кінәлі деп танылды.

Оның қылмыстық теріс қылығы 2022 жылдың желтоқсанында жасалды, яғни үкім шығарылған күні бір жылдан астам уақыт өтті.

ҚК-нің 71-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес, егер қылмыстық теріс қылық жасалған күннен бастап бір жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Заң талаптарын ескере отырып, сотталушы ескіру мерзімі өткені үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Сот сотталушыдан әрбір жәбірленушінің пайдасына 3 000 000 теңге сомасында моральдық зиянның ақшалай өтемақысын, сондай-ақ ол келтірген материалдық залалды өндіріп алды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина