Қостанайда салынып жатқан нысанда құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға бүгін сағат 12:50-де болған.
"Шаяхметов көшесіндегі салынып жатқан нысанда кран құлады, салонда 49 жастағы ер адам болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Оқиға орнында барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Кранның құлау себебі анықталып жатыр.
Басқа ақпарат тергеу шеңберінде жарияланбайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз