Қостанайда коммуналдық қызметкерлер көшеден адам сүйектерін тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті полицейлерлер коммуналдық қызметкерлер тапқан адамның бас сүйегін анықтап жатыр.
Фото: polisia.kz
Полиция департаментінің мәліметінше, 4 шілдеде сағат 14:30-да "ҚЖЭК" МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқаны туралы хабарлады.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!