Қостанайда көлікті бетон плита басып қалды

Қостанайда бетон плита жол жиегінде тұрған көлікті басып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 22 қыркүйекте таңертең Қайырбеков көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысында болған.

Полицияның мәліметінше, Scania маркалы жүк көлігінің жүргізушісі бұзылған бетон құрылымдарын тасымалдап келе жатқан. Қайырбеков көшесіне бұрылған сәтте плиталардың бірі құлап, жол бойында тұрған Mercedes көлігін басып қалған.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көлікке материалдық шығын келген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз