Ауа райының күрт нашарлауынан Қостанайдағы үлкен көпірде жаппай жол апаты болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, апаттан ешкім зардап шекпеген, тек көліктерге материалдық шығын келген.
"Оқиғаның алдын ала себебі – қашықтықты сақтамау", – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Оқиға орнында патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр.
Қазір облыстағы жолдарда көктайғақ болып жатыр, сондықтан полицейлер жүргізушілерді тағы да абай болуға, жылдамдықты және қашықтықты сақтауға үндеді. Сонымен қатар көлік иелеріне дөңгелектерді дер кезінде ауыстырып, ұзақ сапарға шықпауды ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!