Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі өрт кезінде қаза болғандар саны төрт адамға жетті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Дүкеннің 7 қызметкері зардап шекті, олардың төртеуі қайтыс болды, үшеуін күйік шалып, ауруханаға түсті", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілі.
Бұған дейін өрттен екі адам қаза тапқаны хабарланған болатын.
Еске салайық, 3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейная палата" дүкенінде өрт шыққан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!