Қостанай облысында Қарасу ауылы маңында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қойбағар көлі жанында екі адам жеңіл көлікпен қарлы боранда тұрып қалған.
"Көмек туралы хабар түскеннен кейін құтқарушылардың кезекші тобы дереу оқиға орнына шықты. Арнайы техниканың көмегімен көлікті қар құрсауынан шығарып, балықшыларды қауіпсіз жерге жеткіздік. Медициналық көмек қажет болған жоқ", - деп хабарлады ТЖМ өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!