Қостанайда кафе маңында екі ер адам сөзге келіп, артынша жұдырықтасып кеткен. Полиция екеуінің де ұсталып, жауапқа тартылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екі ер адам жерде алысып жатқанда, айналасына көрермендер жиналған. Оқиға орнында түсірілген видео жергілікті әлеуметтік желі парақшаларына тез тарады.
Куәгерлердің шақыртуымен келген полиция қызметкерлері жанжалды тоқтатып, екі ер адамды бөлімшеге жеткізді. Енді екеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауап береді.
"Қаладағы жазғы дәмханада болған оқиға туралы тұрғындардан хабар түскен соң, оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Құқыққа қайшы әрекеттің жолы кесілді. Төбелескен екі адам полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды", - деп хабарлады өңірлік полиция.
Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және айналадағы адамдардың тыныштығын бұзатын жанжалға жол бермеуге шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz