- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда жүк көлігінен...
Қостанайда жүк көлігінен 1,5 тоннаға жуық снюс пен насыбай табылды
Қостанайда полиция жүк көлігінен 1,5 тоннаға жуық шегілмейтін темекі тәркіледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен Шымкенттен сауда базарларының біріне жүкті заңсыз жеткізген 37 жастағы ауыр жүк көлігінің жүргізушісін ұстады.
Тінту барысында полиция қызметкерлері салмағы бір жарым тоннаға жуық 50-ден астам қорапты тәркіледі. Қораптардың ішінде снюс және бірнеше түрі бар насыбай болды.
Айта кету керек, жүк қапшыққа салынған пияздардың арасында мұқият жасырылған, бұл қылмыстық схеманың ұйымдастырылуының жоғары деңгейін көрсетеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина