Қостанайда жолда “вальс билеген“ екі жүргізуші жазаланды

Қостанайда жолда “вальс билеген“ екі жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде "Красиво ? Прям вальс" деген атауымен видео тарады.

Онда Chevrolet пен Nissan көліктері бір уақытта Алтынсарин әл-Фараби даңғылының қиылысында кері бұрылған. Дәл осы жерде 3.19 "бұрылуға тыйым салынады" жол белгісі орнатылған.

Полицейлер екі жүргізушіні де анықтады.

"Жол белгісінің талаптарын елемегені үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 11 мың теңге айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - деп хабарлады ведомство.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз