Қостанайда жол ережесін өрескел бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Қостанайда жолда көліктерімен "вальс" билеген қос жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Алтынсарин және әл-Фараби көшелері қиылысында Chevrolet пен Nissan көліктерінің бір уақытта кері бұрылған видеосы тарады. Дәл осы жерде 3.19 "бұрылуға тыйым салынады" жол белгісі бар.

"Полиция екі жүргізушіні де анықтады. Жол белгісінің талаптарын елемегені үшін жауапкершілікке тартылып, 11 мың теңге айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Семейде жол бойында билеген жүргізушілер жазаланғаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!