• 521.98
  • 490.7
  • 5.16

Қостанайда жартылай жалаңаш шетелдік табылды

Қостанайда жартылай жалаңаш шетелдік табылды
Фото: Polisia.kz

Қостанай полицейлері Ресей азаматының өмірін аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

6 желтоқсанда таңғы сағат 4 шамасында "102" пультіне Қобыланды батыр мекен-жайы бойынша туыстар арасындағы жанжалға байланысты шақырту түсіпті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының 62 жастағы азаматы Қостанайға туыстарына келгенін біліпті. Кейінірек олардың арасында қақтығыс болған, ал содан кейін шетелдік көшеге шығып, жартылай киінген күйде белгісіз бағытқа кеткен.

"Ауданды аралағаннан кейін адамды таппадық. Қатты аязда далада, бөтен қалада және киімсіз адам қатып қалуы мүмкін. Сондықтан оны табуға барынша күш салдық. Шамамен бір сағаттан кейін кезекші бөлімнен белгісіз ер адам Тобыл өзенінің маңындағы жеке сектордағы үйлердің бірінің есігін қақты деген қоңырау түсті. Белгілер жоғалған шетелдіктің сипаттамасына сәйкес келді", - деді полиция қызметкері Мұрат Иманбаев.

Шетелдік тұрған жерге барған полицейлер жалаңаш аяқ іздерін байқаған. Нәтижесінде адам үйлердің бірінен табылды. Ол қатты жаураған.

Полицейлер жедел жәрдем шақырып, ол келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті. Тексерістен кейін ол туыстарына жеткізілді. Ресейлік азамат полицейлерге уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова