Қостанайда ХІХ ғасырдың аяғында патша жандармериясы үшін салынған ғимарат қазір тергеу изоляторы ретінде пайдаланылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
130 жыл ішінде ғимаратқа бірнеше қосымша корпустар салынғанымен, бүгінде олардың ешқайсы қазіргі талаптарға сай келмейді.
Мысалы, тергеу изоляторының айналасында тұрғын үйлер болмауға тиіс, алайда қазір оған үйлер тақап орналасқан.
Қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері жаңа ғимараттың құны шамамен 15 миллиард теңге болатынын айтты. Бұл сома бюджет үшін қымбат, сондықтан жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Алайда қазір барлық процесс жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу кезеңінде тоқтап тұр. Құжаттарды алу үшін алдымен нысан орналасатын жер телімі нақты болуы керек. Бірақ қалада қажетті жер телімдері жоқ, ал СИЗО-ның жаңа ғимараты қаланың бас жоспарында да қарастырылмаған. Бұл құжатты түзетуге кем дегенде екі жыл қажет. Ал тергеу изоляторын Қостанайда келесі жылы салу жоспарланып отыр.
"Қостанай аумағында изолятор салуға жер телімін беру мүмкін емес. Себебі кез келген құрылыс егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс. Ал бұл нысанға арналған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленбеген және қазір ол жоқ", – деді Қостанай қалалық сәулет бөлімінің басшысы Гүлмира Құрманғалиева.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек