- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда ер адамның...
Қостанайда ер адамның әйелін пышақтаған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалды
Қостанайда ер адамның әйелін пышақтап жатқан сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
16 маусымда "102" нөміріне Қостанай аудандарының бірінің ауласында 47 жастағы мас ер адам жанжал кезінде жұбайына бірнеше рет пышақ сұққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның белгісіз бағытта, көлікпен қашып кеткенін анықтады. Көліктің маркасы мен нөмірін оқиға куәгерлері көріп, полицейлерге хабарлады.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Одан пышақ табылды. Қазір 41 жастағы әйел қалалық ауруханаға жатқызылды.
Қостанай облысы Полиция департаменті өкілдері бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-тармағының (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлайды.
Тиіс сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек