Қостанайда ер адам лифтіде итті тепкілеп тастағаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, оқиға 4 қыркүйекте түн ортасында болған. Кадрда "аккумулятор сарапшысы" деген жазуы бар киім киген ер адам итті жұдырықтап, кейін тепкілегені көрінеді. Ал қорыққан ит лифтіде қажетін өтеген.
Қостанай полициясы жүргізілген тексеру нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 407-1-бабы 1-бөлігі, 407-2-бабы 1-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама жасалған ит иесі ер адамның анықталғанын айтты.
Бірінші баптың санкциясында 5 АЕК, екіншісінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ, ит иесімен жануарларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтау үшін профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда ер адам лифтіде итті тепкілеп тастағаны хабарланды. Таңертең ер адам лифтіге келіп, еденді жуып кеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!