• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қостанайда ер адам бірнеше рет көлікті заңсыз айдап кеткен

Қостанайда ер адам бірнеше рет көлікті заңсыз айдап кеткен
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Қостанайда бірнеше рет көлікті заңсыз айдап кеткен 18 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

4 ақпанға қараған түні Қостанай қаласында 18 жастағы жігіт патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аударған. Ол ұрланған ВАЗ-2114 көлігімен жасырынуға тырысып, жол ережелерін өрескел бұзған. Дегенмен полиция қызметкерлері қызметтік көлікке және ұрланған көлікке зиян келтірместен, оны қолға түсірген.

"Ұстау барысында күдікті бірнеше рет қарсы жолаққа шығып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, маневр жасау ережелерін елемеді. Сондай-ақ жол белгілеріне мән бермей, басқа жүргізушілер үшін оқыс жағдай туғызды. Тексеру барысында күдіктінің жүргізуші куәлігі жоқ екені және оның бұған дейін де екі рет көлікті заңсыз айдап кеткені анықталды. Былтыр қарашада көлік иесі жылдамдықты асырғаны үшін өз атына бірнеше айыппұл келгенін байқаған. Алайда иесі аулаға шыққан кезде көлігі орнында тұрған. Бірақ көлік салонында тамақ қалдықтары мен темекінің күлі болған, бұл бөтен адамның көлікті пайдаланғанына дәлелі болды", - деп жазылған хабарламада.

Полиция пікірі

Осы жайт бойынша жәбірленуші полицияға арыз жазған. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Көлікті заңсыз иемденгені үшін ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар көлікті рұқсатсыз басқарғаны үшін сот күдіктіні 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget