- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда ер адам...
Қостанайда ер адам аялдаманы қиратып кеткен: қылмыстық іс қозғалды
Қостанайда аялдаманы соққан мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жасырынуға тырысқан, бірақ оны патрульдік полиция қызметкерлері "ізін суытпай" ұстады.
22 наурызға қараған түні Mercedes автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Маяковский-Хакімжанов көшесінің қиылысында бұрылған кезде автобус аялдамасына кіріп кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция оның көлік басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Медициналық куәландыру алкогольдік мас болудың жеңіл дәрежесін көрсетті.
Мүліктің бүлінуіне әкеп соққан, басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйде болған адамның автокөлікті басқарғаны үшін ол төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина