Қостанайда бұршақ жауды

Қостанайда бүгін, 13 мамырда бұршақ жауды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындар таңертең КСК ауданында бұршақ жауғанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалғанын хабарлаған едік.

13 мамырда өңірдің солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр, найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Шығыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі де бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!