- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда бірнеше пәтерді...
Қостанайда бірнеше пәтерді тонаған адам ұсталды
Қостанайда бірнеше пәтерді тонаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 45 жастағы қылмыскер бір айдың ішінде тұрғын үйге кіру арқылы 5 ұрлық жасады. Ол есіктер мен терезелерді бұзу арқылы ішке кірген.
Ол көбіне алтын бұйымдар мен компьютерлік техникаларды алған. Ол облыс орталығында және Тобыл қаласында өз пиғылын іске асырған.
"Біз оны жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұстадық. Ұстау барысында онда ұрланған ноутбук болған. Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жалпы алғанда, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін, - деді Қостанай қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Аскар Мусин.
Полиция азаматтардан бейнебақылау камераларын, сондай-ақ күзет дабыл құралдарын орнату арқылы өз мүліктерін сақтау бойынша шаралар қабылдауды сұрайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина