Қостанайда балыққа барып із-түзсіз жоғалған ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Қостанайда балыққа барып із-түзсіз жоғалған ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр
Фото: depositphotos.com

Қостанайда үш күннен бері балыққа барып із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр. Оның көлігі мен жеке заттары Тобыл өзенінің жағасынан табылған. Ал балықшының өзі ізім-ғайым жоқ, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Іздестіруге полиция мен төтенше жағдайлар қызметі және жергілікті тұрғындар тартылған. Арасында "10-регион" деген еріктілер жасағы да бар.

Олар 57 жастағы балықшы баруы мүмкін деген жерлерді түгел сүзіп шығуда. Іздеуге арнайы жүзу құралдары мен әуеден бақылайтын дрондар да қосылды.

"Іздестіру Лисаков және Бейімбет Майлин аудандарында жүріп жатыр. Су астындағы 2500 шаршы метр жерді де сүзіп шықтық. Су бойымен бес шақырымды жіті тексеріп шықтық. Әзірге еш нәтиже жоқ", – дейді Лисаков ауданы ТЖБ аға инженері Алдияр Әсемболатов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан