Қостанайда баланы ұрып жіберген балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Білім бөлімі бұл деректі растаған. Тәрбиеші арнайы баппен жұмыстан кеткен.
Бұл істі полиция тіркеген. Тәрбиешіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жиналды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Материалды Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сот қарайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!