- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда әйелімен жанжалдасқан...
Қостанайда әйелімен жанжалдасқан ер адам полициядан қашпақ болған
Қостанайда әйелімен жанжалдасқан ер адам полициядан қашпақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Ол заң талаптарына бағынбау фактісі үшін жауапкершілікке тартылатын болады.
Бірге тұратын ер адамымен жұмыс орнында жанжалдасып қалған әйел полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Кейін ол учаскелік полиция инспекторына жеткізілді.
Істі қарау барысында учаскелік полиция қызметкері бір күн бұрын болған жанжал кезінде бірге тұратын ер адам өзінің сүйіктісіне дене жарақатын салғанын анықтады. Әңгіме барысында ер адамнан алкогольдің иісі шыққан. Полицейлер оны медициналық тексеруден өткізуге шешім қабылдады.
Оқиға орнына бара жатқанда, облыс орталығындағы көлік көп жүретін көше қиылыстарының бірінде отбасылық жанжал шығарушы қызметтік көліктен шығып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Учаскелік полиция инспекторы Ерік Ваисов заң талаптарына жауап бермегендіктен құқық бұзушының соңынан жүгіріп шығып, оған ұрыс тәсілдерін қолдануға мәжбүр болды. Ұстау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ деп атап өтті ведомство өкілдері.
Осы факті бойынша отбасылық жанжал шығарушы серіктесін ұрғаны үшін де, заң өкілдеріне бағынбағаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Егер сот оны екі жағдайда да кінәлі деп тапса, ұрып-соққаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады. Ал полицейге бағынбағаны үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина