Қостанайда автокөлікті айдап әкету үшін екі жігіт эвакуатор шақыртты

Қостанайда автокөлікті айдап әкету үшін екі жігіт эвакуатор шақыртты
Фото: tn.kz

Қостанайда автокөлікті айдап әкету үшін екі жігіт эвакуатор шақыртты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 және 22 жастағы екі жігіт Бородина көшесінің бойында тұрған "ВАЗ-2115" автокөлігін айдап әкетуді жоспарлаған. Ол үшін екі дос жеке эвакуаторды жалдады.

"Эвакуатордың жүргізушісі уақытында барып, 4 мың теңгеге автокөлікті керек жеріне жеткізген. Тапсырыс берушілер айдап әкеткен көлікті Затобольск ауылына дейін жеткізіп, иесіз қалған үйдің жанына түсіріп кетуді сұраған. Жүргізуші келісімшарттың талабын орындап, кері қайтыпты", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Бұл кезде көліктің 22 жастағы иесі полицейлерге арызданып, көлікті іздеу шаралары қолға алынған. Мамандар ұрылардың кім екенін анықтап, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

М. Бисембаева
Logotype Massaget