Қостанайда автобус пен Toyota Alphard автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі сілтеме жасаған "Алау".
Басылым мәліметінше, апат кеше Назарбаев пен Промышленная көшелерінің қиылысында болған.
Полицияның ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты соталды тергеу амалдары басталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автобус жүргізушісі кері бұрылу маневрін жасау кезінде Alphard автокөлігіне жол бермей, соқтығысуға себеп болған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан қос көліктің де жүргізушілері қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Апат кезінде жолаушылар болған жоқ", — делінген материалда.
Қазір полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтау қажетін еске салды.