Қостанайда жеңіл көлік мінген анасы мен қызы жол апатына ұшырады. Әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 7 тамызда болып, салдарынан бір адам қаза тапқан.
Полицейлер мәліметінше, 7 тамызда Юбилейный шағынауданында №50 үй маңында ВАЗ 2115 көлігін басқарған 34 жастағы әйел Узкоколейный ауылына қарай бара жатқан.
"Ол "жол бер" белгісін елемеген. Салдарынан "Мерседес" жүк көлігімен соқтығысқан. Көлік тізгініндегі әйел қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жеңіл көліктің жолаушысы 2021 жылы туған қыз дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!