- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда алаяқ бір...
Қостанайда алаяқ бір тонна кәмпитті қолды еткен
Қостанайда алаяқ бір тонна кәмпитті қолды еткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қарағандылық кәсіпкер жүгінген. Ер адам 1 тонна кәмпитке1 миллион теңге төлеген. Шарт мерзімі бойынша тауар межелі жерге жетуі керек еді, бірақ жеткізілмеген. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында кәсіпкер жүк тасымалы туралы жалған хабарландыру жариялаған алаяқтардың қолынан зардап шеккені анықталған. Кәсіпкер оларға жүк жеткізу туралы өтінішпен жүгінген.
Алаяқ ер адамның сеніміне кіріп, базадан тауар алған. Бірақ ол діттеген жерге жеткізбеген.
"Қарағанды тұрғынының өтінішінен кейін тергеу жүргізе бастадық, алаяқтың көлігін таптық. Қостанайдың 22 жастағы тұрғыны жүк тасымалы туралы жалған хабарландыру жариялап, тауарды алып, оны үшінші тұлғаға қайта сатуды ұйғарған. Оған қатысты 190-баптың 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу басталды, - деп түсіндірді Қостанай ҚП бастығының орынбасары Ербол Кәкенов.
Полиция кәсіпкерге 800 келі кәмпит қайтарған, 200 келісін алаяқ сатып жіберген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова