Қостанайда Audi A6 көлігі қоқыс арасында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наш Костанай" порталына сілтеме жасап.
Қараусыз қалған көлік Дощанов пен Шаяхметов көшелерінің қиылысында бір айға жуық тұрған.
Бұл туралы редакцияға оқырмандар хабарлады. Көлікті бірте-бірте қоқыс басып кетті: маңында ескі матрац, тұрмыстық қалдықтар, ағаш бұтақтары жиналып қалған.
"Күнде жұмысқа бара жатқанда көретінмін, полиция немесе жергілікті мердігерлер әрекет етеді деп үміттенген едім, бірақ жоқ, қоқысты тазалауға ешкім асығар емес", - деп жазды қостанайлық Егор Буланов.
Полиция қызметкерлері көлікке қатысты пікір білдірді.
"Көлік иесінің тұрғылықты мекенжайын анықтау мүмкін болмағандықтан, ол Қостанай әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандандырылған автотұрағына жөнелтілді. Көлік Қарасу ауданында тіркелген, иесінің ұялы телефоны өшірулі. Бұл ретте, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 797-бабының 3-бөлігіне сәйкес көлік арнайы учаскеде уақытша сақтау үшін эвакуацияланады", - деп хабарлады ДП.
Көлік иесі қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған жоқ, өйткені "қылмыскер" табылмады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!