- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда 6 жастағы...
Қостанайда 6 жастағы қыз кәріз құдығына құлап кеткен
Қостанайда кәріз құдығына құлап кеткен алты жастағы қыз құтқарылды. Әуежай шағын ауданында аулада жүрген ойын баласы абайсызда шұңқырға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар қызметінің жедел құтқару жасағы оқиға орнына тез жетіп, қыз баланы аман-есен шығарды. Оған осы жерден өтіп бара жатқан тұрғындар да көмектескен.
Құтқарушылардың сөзінше, құдықтағы шайынды судың деңгейі 70 сантиметрге дейін жетіпті.
"Абырой болғанда қыз ағынға ілеспей, құтқарушылар келгенше жағаға жармасып тұрыпты. Алайда аязды күні мұзды суға құлаған балдырған қатты тоңып қалған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы