Қостанайда 17 миллион теңге бопсалады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

Қостанайда 17 миллион теңге бопсалады деген күдікпен екі ер адам ұсталды
Фото: Видео кадры

Қостанайда қала тұрғынын қорқытып, 17 миллион теңге талап етті деген күдікпен бұрын сотталған екі ер адам ұсталды. Олар жәбірленушіден 4,4 миллион теңге алып жатқан жерінде қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер қыркүйек айынан бері жәбірленушіден ақша талап етіп келген. Олар талаптары орындалмаса, күш қолданып, ұрып-соғамыз деп қорқытқан.

28 қазанда күдіктілерді Ішкі істер министрлігі мен Қостанай облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес қызметкерлері "Бүркіт" арнайы жасағымен бірлесіп ұстады.

Тінту барысында 4,4 миллион теңге, Kia Sportage автокөлігі мен ұялы телефондар тәркіленді.

Күдіктілердің әрекеті алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған бопсалау ретінде сараланды. Екі ер адам да тергеу изоляторына қамалды.

Қазір соталды тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget