Қостанайда жасөспірім төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz сайтына сілтеме жасап.
27 мамырда сағат 11:00 шамасында 13 жастағы оқушы қыз Шаяхметов көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оқиғаға куә болған көршілер полицияға хабарлаған. Жедел жәрдемді де, сол кезде жұмыста болған ата-анасын да солар шақырған.
Әңгіме жүргізу кезінде мектеп оқушысы терезеден қараймын деп салғырттығынан құлап қалғанын түсіндірген. Бұл кезде пәтерде 9 жастағы сіңілісі мен 2 жастағы інісі болған. Жәбірленуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қостанай облыстық ПД бұл аймақтағы жыл басынан бергі сегізінші оқиға екенін хабарлады.
Полицейлерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!