Қостанайда 126 мың қорап темекі тәркіленді

Қостанайда полицейлер 50 миллион теңге болатын контрабандалық темекі жеткізу арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Облыс орталығының қоймаларының бірінде полиция қызметкерлері 50 миллион теңгеден аса сомаға есепке алу-бақылау маркалары жоқ 126 мың қорап темекіні тауып, тәркіледі.

Қыркүйекте жергілікті кәсіпкер бұл партияны кейіннен сатуды көздеп, белгісіздерден нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алғаны анықталды.

Қазір полицейлер жеткізу арнасын және заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар барлық адамды анықтау үшін одан әрі іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Жиналған және алынған материалдар Қостанайдың Мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!