Полиция қызметкерлері Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қазанда "102" нөміріне Қостанай тұрғынынан ванна бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар келді.
"Өтінішті алғаннан кейін мекенжайға келдік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын қазір анықтап жатырмыз, ол біреудің үй жануары болған тәрізді. Қазір жыланның иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді", - деді учаскелік Асқар Ментаев.
Кейін мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін анықтады. Полиция қызметкерлері жыланды қаладан сыртқа алып кетті.
Басылым мәліметінше, қазан мен қарашада сужыландар түрлі шұңқыр мен саңылауға еніп қыстайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!