- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай тұрғыны діни...
Қостанай тұрғыны діни алауыздық тудырғаны үшін сотталды
Терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғынды Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық соты аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
"Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Ол сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді", - делінген хабарламада.
Үкім 2023 жылғы 20 қыркүйекте күшіне енді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы