- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай полицейлері әлеуметтік...
Қостанай полицейлері әлеуметтік желіде заңсыз діни материалдарды таратқан ер адамды ұстады
Қостанай полицейлері әлеуметтік желіде заңсыз діни материалдарды таратқан ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны өзінің Вконтакте парақшасында дінбасы өкілдерінің бейнероликтерін ашық жариялаған.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында діни сипаттағы жарияланымдардың таралу дерегін Қостанай облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады.
Қостанайлыққа қатысты полиция ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігінің 3-тармағы ("Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу") бойынша әкімшілік іс қозғады.
"Осы құқық бұзушылықты жасағаны үшін ер адамға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл осы жылдың басынан бері анықталған 14-дерек", - деді экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Сембин.
Полиция департаменті тұрғындарға діни қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жаза бар екенін еске салды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан