- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысының тұрғыны...
Қостанай облысының тұрғыны жедел жәрдем көлігінде босанып қалды
Фото:
Tengrinews.kz
Қостанай облысының тұрғыны жедел жәрдем көлігінде босанған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana TV-ге сілтеме жасап.
Көлік тоқтатылып, фельдшер барлық қажетті шараны жасаған, соның арқасында салмағы 2 келі 700 грамм болатын ұл бала дүниеге келді.
Жаңа туған нәресте мен анасы жедел жәрдем бөлмесіне сәтті жеткізіліп, Сарыкөл орталық аудандық ауруханасының дәрігерлеріне тапсырылды. Олардың жағдайы жақсы. Екеуі де үйіне шығуға дайындалып жүр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан